11:18, 26 Сәуір 2021 | GMT +5
Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: ҚР ерлер құрамасы – бірінші орында
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан Азия біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Olympic.kz мәліметінше, турнир қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер командасы - бірінші, Қазақстан әйелдер командасы төртінші орын иеленді.
Қазақстан командасы жалпы есепте 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды: Арли Чонтей Азия чемпионы атанса, Абылай Әуелханов, Карина Кузганбаева және Нұрғиса Әділетұлы күмісті қанағат тұтты. Ал Екатерина Быкова, Айзада Мүптілда және Артем Антропов қола жүлдегерлер қатарында.