Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты маусым айында Астанада өтеді

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Астана қабылдайтын ауыр атлетикадан биылғы Азия чемпионаты 20-26 маусым күндері өтетін болды. Бұл туралы ақпарат Азия ауыр атлетика федерациясының сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталынан.

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты маусым айында Астанада өтеді

Жалпы Азия чемпионаты сәуір айының басында өтеді деп жоспарланған. Бірақ құрлықтық федерация Ташкентте жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтетіндіктен Азия чемпионатының уақытын кейінге шегерді. Жарысқа сары құрлықтан отызға жуық ел қатысады деп күтілуде.