Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандықтар 2 күміс, 4 қола медальді еншіледі

АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Тонг Линг қаласында сәуірдің 11-18 күндері ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтті.
None
None

Онда Владимир Седов (94 кг) пен Татьяна Хромова (75 кг) күміс, Кирилл Павлов (77 кг), Владимир Кузнецов (85 кг), Сергей Истомин (105 кг) мен Александра Аборнева (+ 75 кг) қола жүлдегер атанды. Онда ел намысын ерлер арасында - 8, әйелдер арасында - 4 спортшы қорғағаған болатын. Жарыс қортындысында сарапқа салынған 15 алтынның 14-ін жарыс қожайындары, ал біреуін оңтүстік кореялық атлет иеленді. Соның нәтижесінде қазақстандықтар жалпы командалық есепте үшінші орынды қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум