Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Майя Менеза ел қоржынына алғашқы қола медаль салды

АЛМАТЫ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ауыр атлетикадан Талдықорғанда өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы қола жүлдені 63 киләға дейінгі салмақта бақ сынаған Майя Манеза салды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Майя салмақты жұлқа көтеруде үшінші, ал серпе көтеруде екінші орын алып қоссайыс қорытындысында (229 кг) қола жүлдегер атанды. Онда 1-2 орынды макаолық Шиа Лию мен солтүстіккореялық Ае О Ионг иеленді. Жалпы дүбірлі додада қазақстандықтардан әйелдер арасында тек 48 килә салмақта ғана спортшы қатысқан жоқ. 53 киләға дейінгі салмақта бақ сынаған Светлана Черемшанова 6-шы орынды қанағат тұтқан болатын. Бұл дүбірлі додаға бас бапкер Алексей Ни Светлана Черемшанова мен Майя Манезадан бөлек Татьяна Кутенко, Светлана Подобедова, Татьяна Хромова, Александра Аборнева, Светлана Виноградова сияқты атлеттерді де қосқан болатын. Бүгін 75 киләға дейінгі және одан жоғары салмақтағы спортшылар өнер көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар