Ауыр атлетикадан Еуропа чемпионы 55 келіге арықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Еуропа чемпионы Ольга Коробка XSport.ua порталындағы блогында 55 келіге арықтағандығын жазды.
Париждегі әлем чемпионаты -2011-де спортшының салмағы 166,6 келі болған, ал қазір ауыр атлет шамамен 106-110 келі тартады. Зілтеміршінің сөзіне қарағанда, ол тағы да 10-15 келіге арықтауды жоспарлап отыр.
Ольга Коробка - Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол Еуропаның үш дүркін чемпионы (2006, 2007, 2008) үш рет ғаламшар біріншілігінің қола медалін жеңіп алды.