Ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты: 5-жарыс күнінің нәтижесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан онлайн форматта өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының бесінші жарыс күнінде әйелдер арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды қазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты: 5-жарыс күнінің нәтижесі

Әйелдер

87 келі

1. Раушан Мешітханова (107+125)

2. Динара Қыпшақбай (83+110)

3. Мира Ахметова (78+111)

+87 келі

1. Айзада Мүптілда (114+148)

2. Любовь Ковальчук (113+142)

3. Айсамал Сансызбаева (109+144)

Бұған дейін чемпионаттың 4-жарыс күнінің нәтижесін жариялаған болатынбыз. Ерлер арасында 3 салмақта жеңімпаздар анықталған еді.

Чемпионаттың тікелей трансляциясы WFRK федерациясының ресми YouTube каналында өтіп жатыр.