Ауыр атлетикадан Қызылордада өтіп жатқан турнирде бірнеше салмақ бойынша жеңімпаздар есімі анықталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының Кубогы үшін Қызылорда қаласында өтіп жатқан жарыста 58 және 63 келі салмаққа дейінгі әйелдер сынға түседі. Ал ерлер 62 келі салмақта кім мықтыны анықтайтын болады.
None
None

Кеше басталған бұл жарыс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр.

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының мәліметіне сүйенсек, ертең, 6 желтоқсан күні әйелдер арасындағы бәсеке аяқталады. Атап айтқанда, спортшы қыздар 69 және 75 келіге дейінгі және 75 келіден жоғары салмақта сынға түседі. Ал ерлер 69 келіге дейінгі салмақ бойынша күш сынасады. 7 желтоқсанда 77 және 85 келі салмағындағы ерлер зілтермір көтеруге шығады. Жарыстың соңғы күні, 8 желтоқсанда, білекті де жүректі жігіттер 94, 105 келіге дейінгі және 105-тен жоғары салмақта өзара жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтайды. 105 келіге дейінгі салмақта үздік шыққан зілтеміршіге арнайы сыйлық табыс етілмек. Ол Қазақстанның әлемге әйгілі спортшысы, Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің төрт мәрте жеңімпазы Илья Ильин атындағы Кубокқа ие болады. Соңғы жылдары елімізде ауыр атлетика саласы қарқынды дамып келеді. Қазақстан спортшыларының Олимпиада мен әлем біріншілігі және Азия құрлығы бойынша үздік өнер көрсетіп, айрықша табыстарға жетуі жас ұрпақтың осы спорт түрімен айналысуға деген үлкен қызығушылығын туғызып отырғаны анық. Қазір жастар мен жасөспірімдер арасында көптеген жаңа есімдер шыға бастады. Қызылорда қаласында өтетін Қазақстан Республикасының Кубогында да жаңа есімдер жарқ етіп шығады деген үміт бар. Жарыстың жабылу рәсімі 8 желтоқсанға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар