Ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 қола медаль иеленді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 2-ші орынды иеленген.
«Осыған дейін Қазақстанның бірде-бір ұлттық құрамасы олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында бұндай көлемде алтын медальға қол жеткізген жоқ. Сондықтан ауыр атлетшілеріміздің бұл жеңісі өте үлкен жетістік болып табылады» дейді ҚР Ауыр атлетика қауымдастығының президенті Қайрат Тұрлыханов.
Қазақстан жалауын желбіреткен жеңіскерлеріміз түнде сағат 01-45-те Сеул-Алматы бағыты бойынша ұшып жеткен болатын. Оларды спорт сүйер қауым мен ауыр атлетика қауымдастығының өкілдері, туыстары, БАҚ өкілдері қарсы алды. Естеріңізге сала кетейік Әлем чемпионаты қарашаның 20-29 аралығында өткен болатын. Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза, Владимир Седов, Светлана Подобедова алтын, Владимир Кузнецов қола медаль иеленді.