Ауыр атлетикадан Ресей құрамасы Рио Олимпиадасынан шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Ресейдің зілтеміршілер ұлттық құрамасын тұтасымен Рио Олимпиадасына жібермей тастады, деп хабарлады «РИА Новости» агенттігі.

Ауыр атлетикадан Ресей құрамасы Рио Олимпиадасынан шеттетілді

Халықаралық Олимпиада Комитеті 24 шілде күні Ресей құрамасын Олимпиада ойындарынан шеттемеу туралы шешім қабылдаған болатын. Бірақ, халықаралық спорт федерацияларына өз шешімін жасауына орын қалдырған. Осыған байланысты IWF өз мәлімдемесін жасады. 

«IWF атқару комитеті Рио Олимпиадасына Ресей құрамасының қатысуына қатысты мәселені мұқият қарады. Зерттеуге Халықаралық допингке қарсы агенттіктің (WADA) Ричард Макларен жетекшілік еткен тәуелсіз комиссиясы дайындаған баяндама қорытындысы да ендірілді. Татьяна Каширина және Анастасия Романова бұған дейін де шеттетілген болатын. Маклеран баяндамасында тағы да 4 спортшының есімі бар», делінген федерация хабарламасында.