Ауыр атлетикадан тағы екі Қазақстан чемпионы белгілі болды

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылордалық Ғалымбек Жұбатқанов пен алматылық Кирилл Павлов ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы атынды, деп хабарлады Vesti.kz.
None
None

77 келіге дейінгі салмақ санатында Қызылорда облысының өкілі барлығы 319 келі көтеріп, «алтын» үшін күресте өзінің бәсекелестерінен төрт келі ғана алға шықты. Екінші орынның тағдыры басқаша шешілді: Солтүстік Қазақстан облысынан Айдар Қазовтың салмағы алматылық Владислав Цойдан жеңіл болып шығып, екінші орынға ие болды. Екі зілтемірші де бірдей нәтиже көрсетті.

85 келіге дейінгі салмақ санатында Азия ойындары-2010 күміс жүлдегері және Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысушы Алматылық Кирилл Павлов талай рет күштілер қатарынан көрінген болатын. Бұл жолғы бәсекелесі қарағандылық Евгений Эвстафьев оңай жаңғақ болмай шықты, ол тәжірибелі қарсыласына екі келі ғана ұтылып, жол берді.

Ертең, 29 мамырда чемпионаттың қорытынды күні. Боз кілемге 94 келіге дейінгі, 105 келідегі және 105 келіден астам салмақ санатындағы зілтеміршілер шығады. Әйелдер өз бағдарламасын жексенбі күні, 26 мамырда аяқтады. Еске сала кетейік, чемпионат қорытындысымен Астанада 20-26 маусым күндері өтетін Азия біріншілігіне қатысатын құрама жасақталады

Ауыр атлетика. Қазақстан чемпионаты. Талдықорған.

Ерлер, 77 келіге дейін.

1. Ғалымбек Жұбатқанов (Қызылорда облысы) - 319 келі

2. Айдар Қазов (Солтүстік Қазақстан облысы) - 315 келі

3. Владислав Цой (Алматы) - 315 келі

85 келі:

1. Кирилл Павлов (Алматы) - 357 келі (160+197)

2. Евгений Эвстафьев (Қарағанды) - 355 келі (160+195)

3. Ербол Мейірманов (Ақмола облысы) - 352 келі (167+185)

Соңғы жаңалықтар