Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауыр атлетикадан жастар арасындағы ел чемпионаты онлайн форматта өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 қараша күні ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар мен жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ауыр атлетикадан жастар арасындағы ел чемпионаты онлайн форматта өтеді

Аталған турнир Қазақстанда алғаш рет онлайн-форматта өтеді. Ұйымдастырушылар өз аймақтарында жаттығатын спортшылардың қауіпсіздігін сақтап, бір орында көп адамның жиналмауына қадағалау үшін осындай қадамға барып отыр.

Турнир 7 қараша күні аяқталады.