Ауыр атлетшілер З.Чиншанло мен М.Манеза Қытай үшін жарысқа шықпайды

АСТАНА. 23  қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Меңдіхан Тапсыр Лондон Олимпиадасының чемпиондары Зүлфия Чиншанло мен Майя Манезаның қазақстандық құрамадан кетуі туралы ақпаратты растамады, деп хабарлайды Vesti.kz.
None
None

«Чиншанло мен Манеза Қытайға демалуға кетті. Олардың Қытай үшін шығуы туралы сөз де болмауы тиіс. Біз олардың ірі әлемдік жарыстарда еліміздің атынан шығатынына әлі де сенімдіміз. Әзірше Чиншанломен байланыс ұстаудамыз, көп ұзамай Манезамен де байланысқа шығуымыз керек және сол кезде қытайлық БАҚ-та осындай теріс ақпарат қайдан шыққанын анықтап көреміз. Тағы бір рет атап өтемін - Чиншанло мен Манеза алдағы уақытта да жарыстарға біздің еліміздің туының астында шығады», - деді телефон арқылы Меңдіхан Тапсыр.

Естеріңізге сала кетейік, Зүлфия Чиншанло мен Майя Манеза Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның құрамасына екі алтын медаль әкелді. Бұдан кейін көп ұзамай Қытайда спортшы қыздардың қазақстандық құрама үшін шыққанына  наразылық толқыны өтті. Ғаламтор қолданушылары қытайлық спортшыларды басқа елдерге жіберуге жауапты шенеуніктерді қызметтен босатуды талап етті. Қазақстандық тарап Қытайдың БАҚ-та жарияланған кадрларды «сатып алу» бойынша айыптарын негізсіз деп атады.

Соңғы жаңалықтар