Ауыр халде жатқан «Қайраттың» ойыншысы Арсен Буранчиев есін жиды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Арсен Буранчиев есін жиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат команданың Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ауыр халде жатқан «Қайраттың» ойыншысы Арсен Буранчиев есін жиды
Фото: sports.kz

«Біздің ойыншыны дәрігерлер үнемі бақылап отыратын болады» деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Клубтың шешімімен Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/4 финалындағы «Қайрат» – «Атырау» матчына билет сатудан түскен бүкіл қаражат Арсен Буранчиев пен оның отбасына аударылады.

Еске сала кетейік, матч кезінде ауыр жарақат алған «Қайрат» футбол командасының ойыншысы Арсен Буранчиевке ота жасалғанын хабарлаған болатынбыз.

Кеше Алматының орталық стадионында өткен жергілікті «Қайрат» және «Ақтөбе» командалары арасындағы футбол матчында Арсен Буранчиев допқа таласқан сәтте ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

«Қазіргі уақытта Арсен реанимацияда жатыр. Оның жағдайы өте ауыр. Футболшыға дәрігерлер мұқият қарап жатыр» деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.