Ауыр салмақтағы Қазақстан чемпионы Талғат Досанов кәсіби рингтегі өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Ауыр салмақтағы Қазақстан чемпионы Талғат Досанов кәсіби рингтегі өзінің кезекті жекпе-жегін ақпанның 13-інде Ресейдің Ногинск қаласында өткізбек.

Ауыр салмақтағы Қазақстан чемпионы Талғат Досанов кәсіби рингтегі өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді

Бұл ақпаратты «Біздің спорт» сайты таратып отыр.

Еліміздің ең ауыр салмақтағы былғары қолғап шеберінің қарсыласы - ресейлік Мурад Халидов. Талғат Досанов пен Мурад Халидов арасындағы 8 раундтық бәсеке рейтингтік жекпе-жек мәртебесіне ие.

Айта кетейік, кәсіпқой рингте 8 мәрте көтерілген ресейлік қазақстандық тағы бір ауыр салмақтағы боксшы Қанат Алтаевпен кездесіп, ұпай санымен басым түскен болатын.