Ауыр жүкпен өзенді кесіп өтпек болып, су түбіне кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутияның Лена өзенінде ауыр жүк машинасы суға батып, көлік жүргізушісі қаза тапты. Бұл туралы өңірдің құтқару қызметі хабарлады.

Ауыр жүкпен өзенді кесіп өтпек болып, су түбіне кетті

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк машинасына шамадан тыс жүк тиелген. Көлік салмағын көтере алмаған мұз екіге жарылған. Нәтижесінде көлік те, жүргізуші де суға батты.

Құтқарушылар тобы жүргізушінің жансыз денесін машина жанынан тапты, деп жазады khabar.kz.