Ауыстырылған жүрекпен ұзақ жыл өмір сүрген адамның есімі Гиннес кітабына енгізілді
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ауыстырылған жүрекпен ұзақ жыл өмір сүруші ретінде Гиннестің рекордтар кітабына Ұлыбритания тұрғынының есімі енгізілді.
Осыған дейінгі 30 жас 11 ай және 10 күн өмір сүріп, 2009 жылы өмірден өткен американдықтың рекорды жаңарды.
Тура 31 жыл бұрын Маккафертидің жүрегіне ота жасаған дәрігерлер оған енді небәрі 5 жыл ғана өмір сүретіндігін айтқан болатын.
Британиялық азаматтың 1982 жылы жүрегі ауыстырылған, деп хабарлады «Информинг».