Ауыз су бағдарламасын іске асыруға орай сараптамаға ұсынылған жобалардың тең жарымына жуығы мемлекеттік құрылыс нормалары талаптарына сәйкес келмейді

олар қайта қаруға жіберіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.
Оның атап өтуінше, өткен жыдың өзінде ғана қарауға ұсынылған жобалардан 326 мыңнан астамынан жобалау нормасындағы ауытқулар сияқты түрлі қателіктер анықталды.
«Лицензиялау жергілікті атқарушы органның құзіретінде екендігін ескерген агенттік әкімдіктерге аталған ауытқуларға, әсіресе, нормативтік талаптарда және жобалық құжаттарда қателіктер жіберетін жобалау мекемелеріне қатысты нақты шаралар қабылдау үшін ақпараттар жіберіп отырады», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде бірнеше әкімдік сенімсіз жобалаушыларға қатысты нақты шаралар қабылдап үлгерген. Мәселен, ОҚО-да белгіленген тәртіппен жобалау талаптарын бұзған 258 жобалаушының лицензиясы өз күшін жойды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Астана қаласында 17 жобалаушының лицензиясы алынды.
«Бұл орайда барлық әкімдіктер сенімсіз жобалаушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдайды деп сенеміз», - деді С.Нокин.