Ауыз су мұнаймен ластанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Ланьчжоу қаласында құбырдағы судың құрамындағы бензол мөлшері шекті нормадан 20 еседен асып түсті.
Шетелдік БАҚ ақпараттарына қарағанда, дүрліккен қала халқы дүкендердегі барлық ауыз су қорларын қотара сатып алған. Ресми зерттеу нәтижелеріне сәйкес судың ластануына Ланьчжоу мұнай-химия кәсіпорынан мұнайдың төгілуі себеп болғандығы дәлелденіп отыр.