Ауыз суды тазартудың жаңа әдісін енгізу тарифтерге әсер етпейді ? «Алматы Су» холдингі

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Ауыз суды тазартудың жаңа әдістерін енгізу тарифтердің өсуіне әсер етпейді.
None
None
Бұл жайында бүгін «Алматы су» холдингінің бас тазарту ғимараттарының басшысы Алексей Дудкин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылдан бастап Алматы қаласы әкімдігіне қарасты «Алматы су» холдингінің 5 нысанында, соның ішінде бас тазарту ғимараттарында (БТҒ) суды залалсыздандырушы реагент алуға арналған жабдық іске қосылмақ. ЭН -192 үлгісіндегі электролизді қондырғыны қолданысқа енгізу көптеген түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді. «Атап айтқанда, ауыз судың халыққа экологиялық таза күйінде жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Бұған дейін қолданылып келген хлорлау әдісі улы болып табылады. Ал гипохлорит ерітіндісі ешқандай қауіп төндірмейді. Аталған қосынды орынжайдың өзінде, яғни тазарту орнында бірден өндірілетіндіктен, химиялық затты тасымалдау немесе сақтау секілді қосымшы жұмыстар қажет емес. Сондықтан ауыз суды залалсыздандыру үрдісі арзанға түседі», - дейді «Алматы Су» холдингінің технологы Татьяна Цхай. Алматы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған бұл технология бірінші кезекте тұрғындарды сапалы әрі таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Мамандар натрий гипохлориті ауыз суға қатысты қойылатын барлық талаптарға сай келетіндігін айтады. Аталған қоспаны өндіріп, ауыз су құрамына мөлшерлеп беруді қамтамасыз ететін ЭН-192 қондырғысы ағынды суды, яғни жер қабатының үстіңгі бөлігіндегі өзен-көлдерді тұщытуға арналған. Осындай үлгідегі құрылғылар қазірде Талдықорған және Шымкент қалаларында қолданылып келеді.
Соңғы жаңалықтар