13:31, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ауызсу мәселесіне бөлініп жатқан қаржының мақсатсыз жұмсалып жатқандығына көзіміз жетіп отыр ? К.Мәсімов
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алдағы уақытта әкімдердің қатысуымен өтетін Үкімет отырысында ауызсу проблемасы негізгі мәселе болып қарастырылады.
Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ауызсу мәселесін шешуге бюджеттен қыруар ресурстар бөлінген болатын. Бірақ жергілікті жерлерден мүлдем қарама-қайшы ақпараттар түсуде. Сондықтан, бүгінде осы мәселеге бөлінген қаржылық ресурстар барған жеріне жетті ме және осы істің нәтижелігі қандай деген сауалдар туындап жатады. Алдағы уақытта әкімдердің қатысуымен өтетін Үкімет отырысында біз осы проблеманы негізгі мәселе ретінде қарастырып, оған жауапты азаматтарды анықтап алуымыз қажет. Себебі бүгінде халық тарапынан жолданған хаттарға қарап, шығарылған қаржының мақсатсыз жұмсалып жатқандығына көзіміз жетіп отыр», - деді өз сөзінде К.Мәсімов.