Авиаапаттан тірі қалған Як-42 инженері алғаш рет сұхбат берді

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Ярославльде апатқа ұшаған Як-42 ұшағы жолаушыларынан жалғыз тірі қалған инженер Александр Сизов журналистерге алғаш рет сұхбат беруге келісті.

Авиаапаттан тірі қалған Як-42 инженері алғаш рет сұхбат берді

"Бірінші арнаға" берген сұхбатында ол ұшақтың жерге құлары алдындағы соңғы минуттары туралы әңгімеледі.

Ұшу кезінде жолаушылар салонында отырған Александр Сизовтың айтуынша, ұшақ жерден көтерілген бойда төтенше оқиға орын алғаны белгілі болған көрінеді. Өйткені алып лайнер жерден ұзақ уақыт көтеріле алмаған. Осыған байланысты жолаушыларда қобалжу пайда болған.

"Әуеге өте ауыр көтерілдік, сол кезде менде ұшақ қазір құлауы мүмкін деген ой пайда болды. Бұдан кейін бойымды үрей билей бастады", - деген инженердің сөзін Лента.ру келтіреді.

Сизов, сондай-ақ, ұшар алдында әуе кемесінің техникалық жағдайын тексеруге өзі қатысқанын айтып, «барлығы да ойдағыдай болды, ешқандай ақаудың белгісі білінген жоқ. Ұшақ ұшуға асықпай дайындалды, ешбір тосын жағдайлар байқалған емес» деп атап көрсетеді. Ол бұған дейін де Мемлекетаралық авиация комитетіне (МАК) ұшақтың техникалық ақауы болмағанын баяндаған болатын.

Сизов авиаапатқа ұшырағанымен, осы мамандығын ауыстырмайтынын да атап айтты.