Авиация қауіпсіздігі бойынша жауапты тұлғалар да жазаланатын болады - А. Рау

АСТАНА. ҚазАқпарат - Авиация қауіпсіздігі бойынша жауапты тұлғалар да жауапқа тартылатын болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау осылай мәлім етті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өткен болатын.
None
None

Вице-министрдің айтуынша, заң жобасымен авиация персоналының медициналық куәландыру ерекшеліктеріне мән беріліп отыр. «Бұдан бөлек, авиаперсоналдың жұмысқа жарамдылығы туралы күмәнді қорытынды бергені медициналық сарапшыларға әкімшілік жауапкершілігі қарастырылады. Атап айтқанда, ондай сенімсіз қорытындылар үшін 100 айлық есептік көрсеткіш, ал қайталанған жағдайда 200 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады», - деді А. Рау. Оның сөзіне қарағанда, авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жауапты тұлғаларға қатысты да әкімшілік жауапкершілік көзделген. Қолданыстағы заң бойынша тек ұйымға қатысты жауапкершілік қарастырылса, енді бұған жауапты тұлғалар да еніп отыр.

Жалпы заң жобасындағы басты жаңалықтардың бірі - ұшулардағы медициналық қызметтердің қамтылуы болып табылады. «Авиаапаттарға қатысты ұшқыштардың денсаулығына мән беру мейлінше қатаңдатылады. Бұндай проблемалар көптеген жерлерде орын алған. Осыған байланысты ұшқыштардың, авиаперсоналдың медициналық куәландыруларын бақылау қатайтылады. Өкінішке қарай, бізде де бұндай проблемалар бар болып отыр. Мәселен, біздің тексерулеріміз бойынша, былтырғы жылы авиаперсоналдарға  күмәнді, біліксіз медициналық қорытындылар берілген 80-нен астам оқиға тіркелді. Сондықтан да, осы мәселеге бақылауды күшейту нормалары қарастырылады», - деді Рау.   

Соңғы жаңалықтар