Авиация тарихында адамзат тұңғыш рет электр ұшағымен Ла-Маншты ұшып өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциялық ұшқыш Юг Дюваль авиация тарихында алғаш рет Ла-Манш бұғазын электр батареяларымен жабдықталған ұшақпен ұшып өтті, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Авиация тарихында адамзат тұңғыш рет электр ұшағымен Ла-Маншты ұшып өтті

Юг Дюваль электр қозғалтқышты ұшақпен Кале портынан ұшып шығып, Британия жағалауына дейін жетіп, қайта оралған.

Ұшақта оның әуеде 50 минуттай болуын қамтамасыз ететін құйылған батареялар орнатылған.