Авиакомпанияның банкротқа ұшырауы салдарынан Түркияда қалып қойған қазақстандықтардың жағдайы жөнінде шұғыл желі телефондары арқылы білуге болады

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін вице-премьер - ҚР ИЖТМ басшысы Әсет Исекешевтің төрағалық етуімен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың, Сыртқы істер бірінші вице-министрі Рәпіл Жошыбаевтың және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен шұғыл отырыс өтті, деп хабарлайды ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

Авиакомпанияның банкротқа ұшырауы салдарынан Түркияда қалып қойған қазақстандықтардың жағдайы жөнінде шұғыл желі телефондары арқылы білуге болады

Отырыста «Sky Airlines» Түркия авиакомпаниясының банкротқа ұшырауы себебінен Анталия қаласында қазақстандық туристермен қалыптасқан жағдай туралы мәселе қарастырылды.

Ұшуды 4 және 5 маусымға жоспарлаған туристер, сондай-ақ, ұшуды 6 маусымға жоспарлаған туристердің бір бөлігі Қазақстанға қайтарылды.

Қазіргі таңда ҚР Үкіметі Түркияда қалған басқа азаматтарды қайтару мәселелерін шешуде. Әзірге Түркия Республикасының аумағында 1018 адам қалып отыр.

Анталия қаласындағы ҚР консулдығы жанында, ҚР СІМ және ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінде қалыптасқан жағдай жөнінде қызықтыратын ақпаратты алуға болатын шұғыл желілер жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

Шұғыл желілер:

Анталия қ. ҚР консулдығы: + 90 534 0599577

ҚР СІМ: + 7 7172 72 04 88

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті:

+7 7172 749848

+ 7 7172 749163

+ 7 7172 749836.