Авиареттеушілер гаджеттердің қауіптілігі жайында айта бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық азаматтық авиация басқармасы авиалайнерлердің бортында өрттің жоғары тәуекеліне байланысты алаңдаушылық білдірді.

Авиареттеушілер гаджеттердің қауіптілігі жайында айта бастады

Әуе сапарларының қауіпсіздігіне жауап беретін бұл органның өкілдері бүгінде көптеген қазіргі заманғы электронды қондырғылардың ішіндегі литийлік батареялар қауіп тудырып отырғанын мәлімдеп отыр.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, бұл батареялар дұрыс пайдаланбаған жағдайда немесе істен шыққан кезінде өртеніп, тіпті жарылуы ықтимал.

Белгілі болғандай, қауіпсіздік сынағынан өтпеген арзан көшірмелер айрықша қатер тудырады.