Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру қағидаларына өзгерістер енгізіледі
АСТАНА. KAZINFORM – Оқыс оқиғалар мен авиациялық оқиғаларды тексеру қағидаларына өзгерістер енгізіледі.
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.
Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі департаменті нормативтік құқықтық актілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
Өзгерістер нормаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды жіктеу мен есепке алу тәртібін жетілдіру мақсатында енгізіледі.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 12 қарашасына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады.