Австралия ашық біріншілігіне бес қазақстандық теннисші қатысады

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Ертең теннистен Үлкен дулыға сындарының бірі Австралия ашық чемпионатының басталады. Бұл додаға Қазақстаннан бес теннисші қатысады, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталы.

Австралия ашық біріншілігіне бес қазақстандық теннисші қатысады

Ерлер арасындағы жалғыз үмітіміз Михаил Кукушкин австриялық Юрген Мельцермен кездеседі. Мельцер 2011 жылы Уимблдон додасында чех Ивента Бенешовамен бірге микст бойынша жеңіске жеткен. Әлемнің 28-ші ракеткасы.

Әйелдер арасындағы сында Ярослава Шведова (жарыстың 28-ші теннисшісі) алғашқы айналымда 18 жастағы неміс Анника Бекпен кездеседі. Бек 2012 жылғы Роллан Гарростың жасөспірімдер арасындағы жекелей сынының жеңімпазы.

Юлия Путинцева америкалық 20 жасар Кристина Макхейлмен жолы түйіседі. Макхейл әлемнің 33-ші ракеткасы.

Галина Воскобоева алғашқы айналымда Винус Уильямспен кездессе, Сесиль Каратанчева қытайлық Ли Наға қарсы тұрмақ. Ксения Первак неміс Мона Бартельмен кортқа шығады.