Австралия Ауғанстаннан өз әскерін шығарғанын атап өтті
АСТАНА.ҚазАқпарат - Австралияда Ауғанстандағы елдің әскери контингентінің қызметі аяқталу құрметіне шеру өтті, деп жазады Би-би-си.
Канберрада әскери қызметшілердің оралу құрметіне орай өткізілген шеруде премьер-министр Тони Эбботт оның елі қауіпсіз, үздік Ауғанстан үшін айқасқанын атап өтті.
2001 жылдан бастап ауған жерінде 33 мыңнан астам австралиялық сарбаз міндетін атқарды. Олардың 41-і қаза тапты.
Бірнеше жүздеген австралиялықтар Ауғанстанда әскери кеңесші ретінде қалады.