00:51, 01 Маусым 2014 | GMT +5
Австралия билігі Таиландтағы әскери төңкеріс басшыларына еліне келуге тыйым салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия Таиландпен арадағы ынтымақтастықты қысқартуға шешім қабылдады және Австралия билігі Таиландтағы әскери төңкеріс басшыларына аталған елге келуге тыйым салды, деп жазады 24.kz.
Сондай-ақ, Австралия үкіметі Таиландтың қорғаныс министрлігімен арадағы ынтымақтастық деңгейін қысқартуға шешім қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, 20 мамырда Таиландта әскери жағдай енгізілді. Ал екі күннен кейін елде әскери төңкеріс болып, азаматтық үкімет билік басынан кетті, сенат таратылды және конституцияның әрекет ету күші уақытша тоқтатылды.
Сондай-ақ, әскерлер бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламторда цензура енгізіп, коменданттық сағат жариялады.