Австралия билігі жауынды белдеудегі орманның ағашын кесу жөніндегі ойынан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия мен елдің оңтүстігінде орналасқан аралдағы Тасмания штатының билігі жауынды белдеудегі орманда ағаштарды кеспеуге келісіп отыр. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі.

Австралия билігі жауынды белдеудегі орманның ағашын кесу жөніндегі ойынан бас тартты

Бұл аймақ Тасмания мен Австралияның құрлықтық бөлігінің шамамен 14 мың шаршы километр жерін алып жатыр. Ол ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұрасының нысаны ретінде бекітілген.

2014 жылы Австралия билік ЮНЕСКО-ға бұл аумақтағы орманды кесуге салынған тыйымды алып тастау жөнінде ұсыныс жасады. Алайда халықаралық ұйым Австралияның федералды билігіне және Тасмания үкіметіне мұндай жоспардан бас тартуды ұсынды.

Ел билігі ЮНЕСКО ұсынысына құлақ асуды ұйғарды.

Жауынды белдеудегі мұндай орман Тасмания аралының 40 пайызынан астам аумағын алып жатыр, оның шамамен жартысы ұлттық саябақтар аумағына кіргізілген.