Австралия билігі жоғалып кеткен малайзиялық Boeing сынықтарының табылғаны туралы хабарды жоққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия билігі Огаста елді мекені маңынан табылған белгісіз заттардың бұдан жеті апта бұрын жоғалып кеткен малайзиялық Boeing ұшағының сынықтары болуы мүмкін деген хабарды жоққа шығарды.
None
None

Бұл туралы Австралияның ABC радио хабарларын тарату корпорациясына берген сұхбатында полиция түсірген фотосуреттерді зерделеген Көліктегі қауіпсіздік ұлттық бюросының басшысы Мартин Долан мәлім етті.

Сәрсенбі күні Батыс Австралия штатының оңтүстігінен табылған заттар Куала-Лумпур - Бейжің бағыты бойынша рейсті орындайтын 7 наурызда жоғалып кеткен Boeing 777-200 ұшағыныкы болуы мүмкін деген болжамдар пайда болған еді.

Оның бортында 227 жолаушы және 12 экипаж мүшелері болды. Ұшақпен байланыс Малайзия астанасынан ұшып шыққаннан кейін шамамен екі сағаттан кейін үзілді. 24 наурызда авиакомпания ұшақ бортында болғандардың бәрі де қазаға ұшырағаны туралы мәлімдеме таратты.

Соңғы жаңалықтар