Австралия бүгіннен бастап 1200 кенгурудің көзін жоймақ

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Астралия соты жануарларды қорғаушылар тобының қарсылығына қарамастан кенгуруларды ату шарасын мақұлдады.
None
None

Бұл жайында Утро.ру NHK телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлады.

Канберра билігі бастапқыда осы айдың соңына дейін шамамен 1400 кенгурудың көзін жоюды жоспарлаған болатын. Олардың атап өтуінше, бұл аң ауыл шаруашылығы алқаптарымен қатар басқа да өсімдіктерге зиян келтіруде. Жергілікті биліктің бұл шарасын мақұлдаған сот, дегенмен, жойылатын кенгурудың санын 1200 басқа дейін қысқартты. Кенгуру аулау бүгін басталады.

Соңғы жаңалықтар