Австралия Елшісі Анкарадағы жарылыс құрбанына айнала жаздады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Түркиядағы Елшісі Джеймс Ларсен Анкарадағы жарылыстан жапа шеге жаздаған. Ол лаңкестік оқиға болған жерден 20 метр қашықтықта өз көлігімен келе жатқан, деп хабарлады lifenews.ru агенттігі Австралия Сыртқы істер министрі Джули Бишоптің мәлімдемесінен кейін.
Австралия СІМ-нің басшысы сол елдегі дипломатпен телефон арқылы сөйлескенін, Сыртқы саясат ведомство қызметкерлері жарылыс кезінде зардап шекпегенін нақтылады.