Австралия «Евровидение-2016» байқауында бағын сынамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық өнер өкілі «Евровидение-2016» байқауында тағы бағын сынамақ. Бұл жаңалық сайысқа тек еуропалықтар қатысуы тиіс деген байқау жанкүйерлерінің арасында екіұдай пікір қалдыруда.
None
None

Алайда австралиялық ұлттық іріктеуді ұйымдастырушылар елдің еурошоуға қандай форматта қатысатынын әлі нақтылаған жоқ. Мүмкін, олар өздерінің музыкалық әлеуетін көрсетумен шектелер әлде Евровидение байқауына тұрақты қатысатын елдер тізіміне енетін шығар.

Австралия аталмыш шоуға өткен жылы алғаш рет қатысқан. Онда осы елдің өкілі Гай Себастьян үшінші орын иеленді, деп хабарланған байқау сайтында.

Соңғы жаңалықтар