Австралия ғалымдары жасанды жер сілкінісін жасамақ
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Сиднейдің Технологиялық университетінің бір топ ғалымдары 15 қабытты үйдің іргетасын тексеру үшін жасанды түрде жер сілкінісін жасап көрмекші, деп хабарлайды ВВС.
Бірінші рет өткізілейін деп отырған осындай сынақта үйдің болаттан жасалған шағын моделі арнайы платформаға орналастырылып, сосын қатты сілкіленеді.
Австралиялық ғалымдардың пікірінше, өздерінің сынақтары құрылыс компаниялары үшін болашақта ғимараттарды батпақты, жұмсақ жерлерге, сейсмикалық қауіпті аймақтарға қорықпай салуға көмектесетін болады.