Австралия мен Нидерланды альпинистері Эвересттен түсіп келе жатқанда мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голландиялық Эрик Арнольд пен Австралия азаматшасы Мария Стридом Эвересттен түсіп келе жатқанда қаза тапты. Болжам бойынша, альпинистер гипоксия - тауда шалдығатын дерттен көз жұмды, деп жазады ВВС агенттігі.
35 жастағы Арнольд Эверест шыңын осы 5-ші әрекетінде бағындырған болатын. Қайтар жолда ол бойындағы әлсіздікке шағымданған.
Көп ұзамай альпинистердің сол тобына кірген 34 жастағы Мария Стридом да көз жұмды. Оның бойынан да тау дертінің белгілері анықталды.
Бұл - Эвересттегі биыл тіркелген бірінші оқиға.
1953 жылы Эверест шыңына көтерілу бойынша жасалған алғашқы қадамнан бері оның шатқалдарында 200-ден астам адам көз жұмды.