Австралия мен Ұлыбритания өз азаматтарына Үндістанда лаңкестік актілер болуы мүмкін екенін ескертеді

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Австралия мен Ұлыбритания өз азаматтарына Үндістанда орын алуы мүмкін лаңкестік актілер қаупіне байланысты онда барудан бас тарта тұруға шақырды. Бұл туралы Франс-Пресс агенттігі хабарлайды.

Австралия мен Ұлыбритания өз азаматтарына Үндістанда лаңкестік актілер болуы мүмкін екенін ескертеді

Австралияның Нью-Делидегі ресми өкілдігі барлық австралиялықтарға мүмкіндігінше осы қаланың сауда және туристік аймақтарында болуды шектеулерін ескертті. Нью-Делиде «лаңкестік қауіптің жоғары деңгейдегі белгілері» байқалатыны туралы Ұлыбритания дипломатиялық өкілдігі де ескертеді.

Сәуірдің 17-сінде АҚШ билігі де өз азаматтарына осындай ескерту жасаған болатын. Іле-шала америкалықтарға Канада да қосылып, лаңкестер шабуылы «таяу күндері немесе апталарда сауда аймақтарында» болуы мүмкін деп мәлімдеді. АҚШ билігі ескертулерінің алдын ала айтқан іске асу болжамы 2010 жылғы сәуірдің 30-ында аяқталады.

Лаңкестікке қарсы бұдан бұрынғы ескерту 2010 жылғы қаңтардың 29-ына дейін созылған-ды, ал ақпанның 14-інде үндістандық Пуна қаласындағы кафелердің бірінде жарылыс болды. Сол лаңкестік акт салдарынан тоғыз адам қаза болды, арасында бір шетелдік, Тайвань азаматы да бар.