Австралия: нөсер жауын су тасқынына алып келді
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Австралияның солтүстік-шығысында болған нөсер жаңбырдың соңы күшті су тасқынына алып келді, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Куинсленд штатында көптеген елді мекендермен байланыс үзілді. Қажет болған жағдайда адамдарды тікұшақтардың көмегімен үйлердің шатырларынан құтқару жұмыстары қолға алынды.
Метеорологтар хабарлап отырғандай, мұндай жауын-шашын елдің бұл бөлігінде 150 жылдан астам уақыттан бері болмаған.