Австралия полициясы бір миллиард доллардың есірткісін тәркіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия полициясы арнайы шара барысында алты адамды ұстады. Шара барысында бір миллиард доллардан астам тұратын есірткі тәркіленді.
Германиядан әкелінген жиһазы бар контейнерде экстази мен кристаллдық метамфетамин табылды. Бұл Австралияда тәркіленген есірткі партияларының көлемі бойынша екінші орында.
Ұсталған алты адам өмір бойы бас бостандығынан айуырылуы мүмкін.