Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Австралия полициясы ұрлыққа қатысты қылмысты қолтырауыннан көріп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Естімеген елде көп. Австралияда полиция ұрлыққа қатысты қылмысты қолтырауыннан көріп отыр, деп жазады 24.kz.

Австралия полициясы ұрлыққа қатысты қылмысты қолтырауыннан көріп отыр

Осыған дейін жергілікті шаруалар қолдағы малы жоғалып кетіп жатқанын айтып, арыз берген. Барымташыны іздеуге кіріскен тәртіп сақшылары оған қолтырауын кінәлі деген тоқтамға келіпті. Тұла бойы төрт метр болатын жыртқыш торға түскен соң бірнеше ер адам оны судан шығарып алды. Алайда бұл оңайға соққан жоқ.

Ұсталған хайуан теңіз қолтырауыны түріне жатады. Арасындағы ең ірісі Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Папуа-Жаңа Гвинея мен Австралияның солтүстігін мекендейді.