Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Австралия солтүстікке қарай «жылжып» барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тектоникалық жылжулардың салдарынан Австралия құрлығы солтүстікке қарай 1,5 метрге жылжыды. Бұл өзгеріс соңғы 22 жылдың ішінде болған, деп хабарлайды австралиялық ғалымдарға сүйенген ScienceAlert.

Австралия солтүстікке қарай «жылжып» барады

Бұл қорытынды GPS-өлшемдер негізінде жасалды. Осыған байланысты Австралия ғалымдары құрлықтың географиялық нүктелерінің ресми координаттарына өзгеріс енгізуге әзір, деп жазады 24.kz.

Австралия құрлығы - ғаламшардағы ең жылдам материктердің бірі, ол солтүстікке және аздап батысқа қарай жылына 7 сантиметрге жылжып отырады. Бұл қозғалыс салдарынан сол маңдағы жер сілкінуі мүмкін, деп хабарлайды ABC арнасы.