Австралия тарихындағы ең ыстық жаз маусымы аяқталды
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Австралияның бүкіл тарихындағы ең ыстық жаз аяқталды, деп хабарлады Труд.ру.
Австралиялық климатты зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, елдегі орташа температура 28,6 градус болса, Сиднейде термометр бағаны +46 градусқа дейін көтерілді, бұл аптап ыстықтың жаңа рекорды болды.
Қаңтардың бірінші жартысында құрлықтың басым бөлігінде аптап ыстық күшейіп, ол сондай-ақ бірқатар штаттарда ірі өрттердің шығуына себепкер болды.
Синоптиктер егер болашақта атмосфераны газбен ластау жалғаса берсе, күшті ыстық ауа райы қайталануы мүмкін екендігін ескертті.