Австралия теннисшісі елсіз аралда өмір сүру үшін карьерасынан бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия теннисшісі Бернард Томич 2018 жылғы маусымашар ойындарына қатысудан «Мен жұлдызбын... мені құтқарыңдар!» реалити-шоуы үшін бас тартты, деп хабарлайды Хабар 24.
Tennis World USA басылымның мәліметінше, аталмыш бағдарламаның түсірілімі ақпан айында басталады. Бірақ австралиялық спортшы қаңтар айында өтетін Australian Open турнирін жібермекші. Әлемнің 140-шы ракеткасы реалити-шоуға қатысқаны үшін 472 мың АҚШ долларын алады. Ал Australian Open турнирінде осыншама қаржы алу үшін ширек финалға дейін жетуі керек екен (ақшалай сыйақы 600 мың АҚШ доллары). Жалпы шоу барысында бірнеше танымал жұлдызды елсіз аралға жібереді. Ал олар өздері азық тауып, күндерін көруі тиіс. Әр апта сайын бір қатысушы бағдарламамен қош айтысады.