Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Австралия тұрғыны қызына шабуылдаған кенгурумен айқасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автралиялық Пойнт-Вернон қаласының тұрғыны Аргентина Абиджаронның екі жасар қызына шабуылдаған кенгурумен айқасуына тура келді.

Австралия тұрғыны  қызына шабуылдаған кенгурумен айқасты

Қыз аулада алты жасар ағасымен бірге серуендеп жүрген, деді әйел    Fraser Coast Chronicle басылымына.

Ол баласының шыңғырған даусын естіп қалады. Жылдам аулаға шықса, қызы жерге құлаған, оған кенгуру шабуылдап жатыр екен. Әйелдің айтуынша, кенгурудың бойы өзімен бірдей. «Оны тепкілеп, жеңуге тырыстым, ол бірақ күшті екен», - деді әйел.

Көршісі көмекке келмегенде, істің немен тынары белгісіз еді. Ол кенгурудың  көңілін басқа нәрсеге аудара білді, сол кезде әйел қызын алып қашып кетті.

Ауруханада  қыздың денесін 17 жерінен тікті.