Австралия жағалауларында алып кит пайда болды
АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сидней шығанағында катермен қыдырып жүрген туристердің назарын ұзындығы шамамен 30 метр және салмағы 200 тонна шығатын көк кит аударды, деп хабарлады «Корреспондент.net».
Жергілікті БАҚ-тың хабарауынша, көк кит бұл арада сирек кездесетін көрінеді.
Осы жануарларға бақылау жүргізіп жүрген Джонас Либшнердің журналистерге мәлімдеуінше, олар 20 жылдан астам уақыттан бері Австралия жағалауларында болмаған. Мамандардың пікірінше, кит тамақ іздеп жүріп, Антарктидаға әуелгі бағытынан жаңылысқан. Бұдан бұрын австралиялық экологтар елдің солтүстік-батысында газ индустриясын дамыту бүкір киттердің жергілікті жерлерде өсіп-өнуіне қауіп төндіретінін айтқан болатын.