Австралия жағалауынан дельфиннің жаңа түрі табылды
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Ғалымдар Австралия жағалауынан дельфиннің осыған дейінгі беймәлім түрін анықтады.
Ол бүкір дельфиндер тобына жатады. Осыған дейін ғалымдар дельфиндердің үш түрі бар деп санайтын. Міне енді, осы топқа енетін төртінші түрдің бар екендігі белгілі болып отыр.
Ғалымдардың айтуынша, генетикалық зерттеулер бұлар басқа дельфин түрлерінен мүлдем ерекше. Ол оның тіршілік ортасының шектелуі және оқшаулығымен түсіндіріледі. Дельфиннің жаңа түріне әзірге атау берілген жоқ.