17:58, 14 Ақпан 2016 | GMT +5
Австралия жағалауында тасбақа-альбинос табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия жағалауында жасыл теңіз тасбақаларының тұқымы арасында ақ кішкентай тасбақа табылды. Ерекше тасбақа-альбиносты жергілікті еріктілер тауып, Алби деп атады.

Зоологтардың сөздеріне қарағанда, ақ тасбақа ұядағы соңғысы болған - жұмыртқаны жарып шыққа қалған 120 кішкентай тасбақа бірнеше күн бұрын теңізге жүзіп кеткен. олар бос қалған ұяны қазып жатқанда күтпеген жерден Албиді тауып алған.
Атап өтейік, мұндай альбиностардың өмірге келуі тым сирек кездесетін оқиға. Мұндай табиғи олқылық жүз мың кішкентай тасбақалардың бірінде ғана болады. Жасыл тасбақалар жойылу қаупінде тұр. Оларды аулауға және жұмыртқаларын жинауға болмайды.