Австралия Жапонияның кейбір аудандарынан жеткізілетін азық-түлік импортын тоқтатады

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Австралия радиоактивті жұқтыру мүмкіндігіне байланысты "Фукусима" АЭС ауданында орналасқан Жапонияның кейбір аудандарынан жеткізілетін азық-түлік импортын тоқтатады, деп хабарлайды РБК Би-би-сиге сілтеме жасап.

Австралия Жапонияның кейбір аудандарынан жеткізілетін азық-түлік импортын тоқтатады

Бұдан бұрын жапон өкіметі апатты АЭС-ке жақын жерлерде өндірілген азық-түліктерді сатуға тыйым салған болатын.

Қытай, Тайван және Оңтүстік Корея Жапониядан әкелінген барлық өнімдерге қосымша тексеру жасау туралы жария етті.