11:31, 02 Сәуір 2015 | GMT +5
Австралияда 55 тазы итті атып кеткендерге іздеу жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Квисленд штатының полициясы Бундаберг қаласы маңынан 55 тазы иттің өлімтігін тапты, деп жазады Би-Би-Си.

Тексеру кезінде иттерді атып кеткені анықталды. Аталған елде тазы иттерді аңға салу заңмен тыйым салынған. Жақында Квисленд полициясы тазыларды жарысқа жарату үшін қояндарға салуға тыйым салып, аталған факті бойынша заңға қайшы әрекеттерді анықтау үшін Хайуанаттарды қорғаушылар ұйымымен ортақ келісімге келген болатын.