Австралияда 9.09.2009 жылы таңғы сағат 9.09-да нәресте дүниеге келді
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы қыркүйектің 9-ына сәйкес келген кезекті «сиқырлы» датадан адамдар көп нәрсе күтті. Бірақ та австралиялық ерлі-зайыптылар, дәл осы балалары дүниеге келеді деп ойламаған, деп хабарлайды австралиялық басылымдар.
Қыздары дүниеге келген уақытты есте сақтау үшін ерлі-зайыпты Дхаре және Судиш Пательдер еш қиналмайтын болады. Себебі олардың балалары, шығыс даналығына сенсек, өте сәтті кезде: 2009 жылы қыркүйектің 9-ы күні таңғы сағат 9.09-да дүниеге келді.
Нәрестелерін қыркүйектің 12-сінде күткен ата-ана үшін қыздарының 09.09.09 күні сағат 09.09-да дүниеге келуі күтпеген сыйлық болып отыр.